Жас меңгерушілерге арналған байқау өтті

2025 жылғы 21 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №36 «Балапан» балабақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың жас меңгерушілері арасында «Білім берудегі көшбасшы» атты қалалық байқау өтті.

Іс-шараға Астана қаласының 40-қа жуық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас меңгерушілері қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды, кәсіби жағдайларға байланысты кейстік сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған бейнематериал талқыланды.

Байқау жеңімпаздары қорытынды кезеңнің нәтижелері бойынша анықталып, алдағы уакытта салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *