Ағымдағы жылдың 17 қазан күні өзекті тақырып аясында Астана қаласының химия және биология пәндерінің педагогтеріне қалалық оқыту семинары өткізілді. Елорда мектептерінен 168 химия және биология пәні мұғалімдері семинарға қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинар барысында педагогтері заманауи білім беру үрдісінде цифрлық дәуір жағдайында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқыту сапасын жақсартудың мүмкіндіктері талқыланып, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Негізгі бағыттар:
Ø Педагогтердің ЖИ технологияларын тиімді пайдалану қабілетін арттыру;
Ø Химия және биология сабағында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді пайдалану қабілеттерін арттыру;
Ø Жасанды интеллект қолдана отырып, формативті бағалауды ұйымдастыру, ғылыми дағдыны дамыту, зертханалық жұмысты жасату, оқытудың тиімділігін арттыру, білім сапасын арттыру жолдары.
Оқыту семинарын химия және биология пәндерінің әдіскері қорытындылады. Іс-шара педагогтерге кәсіби тұрғыда шабыт беріп, жаңа идеялар мен әдістемелік тәсілдерді тәжірибеде қолдануға тың серпін берді.