Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімі 2025 жылдың 2 — 14 қазаны аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – ТжКББ ұйымдарындағы мемлекеттік тілде оқымайтын студенттерге қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесін анықтау, жинақтау және тарату.
Байқауға авторлық оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық құралдарын ашатын және студенттерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыратын бейне сабақтар, әртүрлі шығармашылық және практикалық тапсырмалар жиынтығы ұсынылды.
Барлық байқауға қатысушыларға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» байқауының қалалық кезеңіне қатысу сертификаттары табысталды.
Қорытынды бойынша, байқаудың Республикалық кезеңіне, ең жоғары ұпай жинаған Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Ж. Аштеуова қатысады.
Байқауға қатысушылардың пікірлерінше, байқау оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, өз білімін жүйелі арттыруға және стандартты емес педагогикалық идеяларды іздеуге ынталандырады.