Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» 2025 жылға арналған жұмыс жоспары аясында мектепке дейінгі ұйымдардың жас меңгерушілері арасында «Білім берудегі көшбасшы» атты қалалық байқау өткізеді.
Байқаудың мақсаты – балабақша меңгерушілерінің кәсіби шеберлігін бағалау, басқарушылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ инновациялық идеяларды ілгерілету арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.
Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі балабақша меңгерушілері қатыса алады. Іріктеу кезеңі онлайн форматта 2025 жылғы 15-16 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылардың өтінімдері мен 3 минуттық «визитка» бейнероликтері қабылданады. Ал негізгі кезең – инновациялық жоба презентациясы және кәсіби кейс сұрақтарына жауап беру – 17-22 қазан күндері офлайн форматта ұйымдастырылады.
Материалдарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 қазанға дейін. Қосымша ақпарат: s.smayyl@astana-modern.edu.kz