2025 жылғы 8–10 қазан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектеп директорларының инклюзивті білім беруге жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік отырыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕББҚ) балаларды инклюзивті білім беру жағдайында оқыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес беру.
Отырыстың күн тәртібінде :
— ЕББҚ бар оқушыларды білім беру ұйымына қабылдау тәртібі;
— инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер;
Білім алушыларды үйде оқыту алгоритмі бойынша толық ақпарат беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.