«Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті

2025 жылғы 9 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектеп директорларының оқу, бейіндік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинар білім беру ұйымдарының басшыларына (оқу, бейіндік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға) мектептің оқу-тәрбие үдерісіне кешенді талдау жүргізудің тиімді жолдарын үйрету, талдау жазудың бірыңғай алгоритмі мен әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Семинардың күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:

  • «Орта білім беру ұйымдарында тәрбие процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ тәрбие жұмысы бойынша координация және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна баяндама жасады.
  • «Мектептің оқу жұмысына талдау жүргізудің тиімді тәсілдері және оны жазу алгоритмі» тақырыбы «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің әдіскері Кабдиева Анар Сарсенбаевнаның баяндамасында талқыланды.

Семинар жұмысы барысында қатысушылар оқу-тәрбие жұмысына кешенді талдау жасаудың негізгі алгоритмдерін, талдау нәтижелеріне негізделген басқарушылық шешім қабылдау тетіктерін және талдау жазудың тиімді әдістемелік тәсілдерін талқылады.

Қорытынды бойынша, мектеп әкімшіліктеріне талдау құжаттарын сапалы әзірлеу және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *