2025 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері Технологиялық колледж педагогтеріне «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу-әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.
Семинар барысында әдіскерлер Исина Н.С., Есенбекова А.Е., Мылтықбаева Ж.Т. ТжКБ ұйымдарында заманауи сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар, авторлық жұмыстарды жинақтау, педагогтердің аттестаттау кезеңдері мен қызметі туралы баяндап, оқытушылардың тиімді әдістемелік іс-әрекетіне қатысты ұсыныстар берді.
Семинардың практикалық бөлімінде Құрылыс-техникалық колледждің оқытушылары Шабданова Ш.Т. және Ажибекова А.Т. оқу үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Іс-шараға 30-дан астам педагог қатысты.