«Тілдік орта: отбасы және қоғам» жобасы

2025 жылдың 30 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі рөлін нығайту және отбасы мен қоғамдағы тілдік ортаны дамытуға бағытталған «Тілдік орта: отбасы және қоғам» бірлескен жобасын жүзеге асыру.

Жоба аясында білім беру ұйымдарында тілдік ортаны қолдау, ата-аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелік тәсілдерін енгізу көзделген. Аталған жобаға қаланың бірқатар мектептері (Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей, №5 гимназия, №6 гимназия, №13 жалпы орта білім беретін мектеп, Т. Айбергенов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп, А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия, №21 жалпы орта білім беретін мектеп, №22 мектеп-гимназия, Қ. Қайсенов атындағы №27 мектеп-гимназия, №28 мектеп-лицей, №30 мектеп-гимназия, №31 мектеп-гимназия, №32 мектеп-гимназия, №36 жалпы орта білім беретін мектеп, №41 жалпы орта білім беретін мектеп, №75 мектеп-гимназия) қатысып, 2025-2026 оқу жылында жобаны іске асыруға белсене атсалысатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *