Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері жұмыс тобымен бірге «Бал-Алтыным» жекеменшік балабақшасына профилактикалық бақылау жүргізу кезіндегі әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Әдістемелік күн барысында:
· Балабақшаның ішкі құжаттары мен тәрбие-білім беру үдерісіне талдау жасалды;
· Профилактикалық бақылау жүргізу талаптары түсіндіріліп, нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша кеңес берілді;
· Аттестаттау барысында жиі кездесетін кемшіліктер мен оларды болдырмау жолдары талқыланды.