2025 жылғы 5 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған 2025–2026 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру мәселері бойынша онлайн форматта кеңес өтті.
Кеңес 2025–2026 оқу жылында оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру, нормативтік талаптарды түсіндіру мақсатында өткізілді.
Кеңестің күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:
· 2025–2026 оқу жылында үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері;
· Мектепішілік бақылау жоспарын құрастыру тәртібі;
· Сабақ кестесіне қойылатын талаптар және оны әзірлеу кезінде ескерілетін негізгі қағидалар.
Кеңес жұмысы барысында қатысушылар оқу үдерісін жоспарлаудағы негізгі алгоритмдерді, басқарушылық шешім қабылдау тетіктерін және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету жолдарын талқылады.
Сондай-ақ оқу жүктемесін дұрыс бөлу, пән мұғалімдерінің жүктемесін оңтайландыру, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, және оқу кабинеттерінің қолжетімділігін ескере отырып, сабақ кестесін құрастыру мәселелеріне назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша мектеп әкімшіліктеріне нақты тапсырмалар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.