Құрметті педагогтер!
2025 жылдың 28 шілде күні Республикалық «Үздік педагог-2025» байқауының қалалық кезеңі басталады!
Конкурсқа құжаттар 28 шілде – 05 тамыз аралығында қабылданады.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы педагогтері қатыса алады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Байқау аясында педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.
Байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.
Елордалық педагогтер 2025 жылғы 28 шілде – 05 тамыз аралығында
https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in веб-сайтында құжаттарын жүктейді.
06-15 тамыз аралығында қалалық комиссия мүшелері педагогтерді бағалап, байқаудың қорытындысы шығады.
Ең жоғары балл жинаған 10 педагог қалалық кезеңнің жеңімпазы деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.
