2025 жылдың 01-04 шілде күндері Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері «Ақтілек», «Нұр мадияр», «Алақай», «Архимедик» жекеменшік балабақшасына әдістемелік көмек көрсетті.
Шара барысында мемлекеттік қайта аттестаттау бойынша кемшіліктерді түзету негізінде білім беру процесін ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізу туралы әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қайта аттестаттауға дайындық аясында ұйым басшылығы тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған мәселелер бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.