Әкелер күніне арналған апталық аясындағы тағылымды шаралар

Отбасы – тәрбиенің алтын ұясы десек, сол ұяда әкенің орны қашан да ерекше. Әке – ұрпағына өмірлік бағдар беретін рухани тірек, жауапкершілік пен адалдықтың, сабыр мен парасаттың бейнесі. Осы ұлы ұғымды ұлықтау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК         2025 жылғы 9–13 маусым аралығында Әкелер күніне арналған мазмұнды апталық өткізді. Аталған іс-шараларға 13 287 білім алушы, 3 331 әке белсенді қатысқан.

Республикалық Әкелер форумы аясында жүзеге асқан бұл апталықтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Апталық барысында мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде түрлі форматтағы тәрбиелік, танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, қала мектептері ауқымды деңгейде қамтылды.

1. «Әке – үлгі, әке – өнеге» атты сурет байқауы – апталықтың ашылуына арқау болған алғашқы шара. Байқау балалар мен әкелердің арасындағы рухани байланысты бейнелеу өнері арқылы көрсете отырып, ата-ананың тәрбиелік рөлін шығармашылықпен ұштастыруға жол ашты. Аталған байқауға 3299 бала мен 445 әке белсене қатысып, қаланың 50-ден астам мектебі ерекше белсенділік танытты.

(Белсенді мектептер №№3, 4, 6, 7, 8, 11, 16, 23, 25, 26, 28, 30, 32, 33, 34, 37, 42, 43, 47, 48, 49, 56, 58, 60, 64, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72,74,75,76,77,79,84,85,86,87,88,91,92,93,99,101,103,104,108,109,111,112)

2. «Әкемен оқыған бір кітап» READx форматындағы әдеби-танымдық кеш – рухани тәрбиенің көркем көрінісі болды. Әке мен баланың бірлесіп кітап оқу сәттері тек оқуға ғана емес, терең сырласуға, түсінісуге бастайтын берік көпірге айналды. 1314 бала мен 375 әке қатысқан бұл шаралар – тәрбиенің отбасыдан басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

(Белсенді мектептер №№ 5, 6, 7, 8, 11, 22, 26, 28, 34, 36, 42, 47, 64, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 74, 75, 77, 79, 84,85,92,93,99,101,104,105,106,108,109,111)

3. «Әке – тәрбие мектебі» атты тәрбиелік кездесулер мен әңгіме форматындағы іс-шаралар балалардың отбасындағы рөлдерді терең түсініп, өмірлік құндылықтарды бойына сіңіруіне мүмкіндік берді. Жалпы саны 2176 бала мен 484 әке қамтылған кездесулерде әкелер балаларына өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа бағдар боларлық әңгімелер өрбітті.

(Белсенді мектептер №№ 2, 5, 7, 8, 11, 16, 23, 28, 36, 42, 43, 45, 47, 50, 56, 59, 64, 66, 67, 68, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 79, 84, 85, 86, 87, 91, 92, 96, 99, 101, 102, 104, 106, 108, 109, 111).

4. «Әкеммен бірге» атты фотокөрме – әке мен бала арасындағы махаббат пен сенімнің көркем суреттелген көрінісі болды. 2792 бала мен 911 әке қатысқан көрме жанұялық бірліктің ерекше сәттерін паш етіп, көрермендерге терең әсер қалдырды. 34 мектеп белсенді ұйымдастырып өткізген.

(Белсенді мектептер №№5, 7, 16, 23, 24, 33, 36, 41, 42, 45, 47, 48, 59, 66, 68, 69, 70, 71, 72, 74, 75, 76, 78, 84, 86, 87, 91, 92, 100, 104, 105, 106, 108, 111)

5. «Әкем үйреткен» челленджі – баланың әкесімен бірге үйренген дағдылары мен өмірлік сабақтарын көпшілікпен бөлісуге бағытталған ерекше бастама ретінде танылды. 1127 бала мен 439 әке өздерінің ерекше бейнероликтері арқылы ұлттық дәстүр, еңбек, қолөнер және өмірлік қағидаттармен бөлісіп, отбасы тәрбиесінің маңызын жан-жақты көрсетті.

(Белсенді мектептер №№ №58, 67, 68, 71, 72, 77, 78, 79, 85, 87, 88, 91, 92, 100, 102, 104, 105, 106, 108, 111)

6. Әкелер күніне арналған апталық аясында ерекше ықыласпен ұйымдастырылған тағылымды шаралардың бірі – «Әкеммен бірге – ұлттық мұраны ұлықтау» атты ұлттық ойындар сайысы болды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттың салт-дәстүрін ұлықтау, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, әке мен баланың арасындағы байланыс пен сенімді нығайту, сондай-ақ отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелік ықпал ету.

Сайысқа 1085 бала мен 250 әке белсене қатысып, ұлттық ойындардың қызықты әрі тәрбиелік мәні зор түрлерін бірге ойнап, ата-бабамыздың дәстүрлі мұрасын жаңғыртты. Балалар мен ата-аналар «арқан тарту», «асық ату», «тоғызқұмалақ», «алтыбақан», «қол күрес» сияқты ұлттық ойын түрлерінде өз бақтарын сынап, шеберліктерін көрсетті.

Ойын барысында балалар өздерінің әкелерімен бір топта өнер көрсетіп, тек спорттық дағды мен ептілікті ғана емес, бірлік пен ұйымшылдықты, сыйластық пен татулықты да паш етті. Әкелер өз балаларына ұлттық ойындардың мазмұны мен мәнін түсіндіріп, олардың тәрбиелік маңызын көрсету арқылы ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға өз үлестерін қосты.

Бұл сайыс ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың, баланың рухани дамуына ықпал етудің тиімді тетігі ретінде танылды. Отбасылық қатысушылар арасындағы достық бәсекелестік, жылулық пен қуанышқа толы көңіл-күй – ұлттық тәрбиенің нақты өмірлік көрінісіне айналды.

(Белсенді қатысқан мектептер №№ 58, 67, 68, 71, 72, 77, 78, 79, 85, 87, 88, 91, 92, 100, 102, 104, 105, 106, 108, 111)

7. Апталық аясынан тыс, бастамашыл мектептерде де жоспардан тыс түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 1494 оқушы мен 445 әке қатысты. Бұл – ата-аналардың тәрбиелік үдерісте белсенді орын алуға дайын екенін көрсеткен жарқын мысал.

(Белсенді мектептер №№24, 33, 36, 38, 40, 48, 50, 51, 62, 67, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 76, 80, 82, 86, 87, 91, 92, 101, 104, 105, 106, 108, 111)Қорытындылай келе, Әкелер күніне арналған апталық – отбасы тәрбиесіне деген қоғамдық көзқарасты нығайтуға, әкенің тұлғалық және тәрбиелік миссиясын заманауи форматта қайта зерделеуге бағытталған мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шаралар жиынтығы болды. Мұндай игі бастамалар баланың жан-жақты дамуына, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *