«Әкемен оқыған бір кітап» — Әкелер күніне арналған әдеби-танымдық шара

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәкес Әкелер күніне орай, сондай-ақ Республикалық әкелер форумы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе отырып, 2025 жылғы 10 маусым күні «Әкемен оқыған бір кітап» атты READx форматындағы әдеби-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара №2 Өнер мектебінің тәрбиеленушісі Бекбол Асылзеренің «Әке – Ана» әнімен басталды. Алғашқы құттықтау сөзді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Кумис Карсакбаевна Сеитова сөйлеп, Әкелер күні қарсаңында өткізіліп отырған мұндай іс-шараның маңызын атап өтті.

«Әдістемелік орталық» МКҚК әдіскері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Ергазы Манапұлы Нуршеков «Әке – балаға бағыт берер шамшырақ» тақырыбында сөз қозғады.

Астана қаласы Білім басқармасы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кеңесұлы бала кезден кітап оқудың маңызы, оның болашақ өмірге тигізер пайдасы туралы ой қозғады, жастарға пайдалы кітаптар туралы кеңесін берді.

Сондай-ақ, №66, 80, 102 және «Нұрорда» мектебінің білім алушылары әкелерімен өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, әкелерімен бірге оқыған немесе бірге талқылаған кітаптары жайлы әңгімеледі. READx форматы аясында қатысушылар көркем әдебиеттен алған тәрбиелік ой-толғамдарын ортаға салып, әдебиеттің адам өміріндегі маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, шара аясында отбасы тәрбиесі, әке туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы іс-шараға 100 жуық педагог, ата-ана, кітапханашылар, мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара соңында спикер-әкелерге алғыс хаттар, спикер-оқушыларға Фолиант баспасы ұсынған кітаптар, сертификаттар табысталды.

Бұл бастама жас ұрпақты әдебиетке баулуға, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтуға және бірлескен оқудың маңызын көрсетуге арналды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *