Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 29 мамыр күні «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие кеңістігін тиімді ұйымдастырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының авторлық, оқу–әдістемелік материалдары, бағдарламалары негізінде тәжірибе тарату вебинары өтті.
Вебинардың мақсаты – педагогтер арасында озық білім беру тәжірибелері мен оқыту әдістерін алмасуға арналған тиімді алаң құру, кәсіби құзыреттілігін көтеруге бағытталған инновациялық тәсілдерді енгізу.
Вебинар жұмысына Астана қаласы, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау облыстары білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Вебинар барысында келесі тақырыптар бойынша тәжірибе таратылды:
«Мектепішілік бақылау жүйесі арқылы тәрбие жұмысының деңгейін диагностикалау және талдау» — Амиргалиев Жангелды Куандыкович, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, басшының орынбасары, әдіскер;
«Дара сынып» жобасы: Білімді ұрпақ. Құзіретті маман. Адал азамат» —
Жантурина Айзада Жантуриновна, Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, №17 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Тәрбиелік кеңістікті жобалау: мектеп пен отбасының серіктестігі» — Джумагалиева Айман Исаевна, Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Шұбарқұдық гимназиясы, директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Ұлттық болмыс – ұлттық құндылық негізі» — Дүзелбай Еркебұлан Қайратұлы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Шеңбер» ашық диалог алаңы» — Оналбаева Гулнар Беркаевна, Астана қаласы №67 гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Құндылықтарға бағдарланған тәрбие» — Анафин Мадияр Зейнуллаевич, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Біртұтас тәрбие- ұлттық құндылық» — Ускенбаева Гулжан Алтынбековна, Астана қаласы, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Құндылықтар негізінде балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту» — Кенжебаева Айжан Бекболатовна, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау шеңберіндегі ынтымақтастық» — Абубакирова Эльмира Силыкбековна, Астана қаласы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Казжанова Зада Рахмановна, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
«Шабытпен түлеген сана: тәрбие мен мәдениеттің үндестігі» — Конырбаева Мадина Амангелдіқызы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Мектеп жанындағы жазғы этнолагерді ұйымдастыру» — Омашева Галия Молдатаевна, Астана қаласы, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Құндылықтарға негізделген іс-шараларды ұйымдастыруда жасанды интеллект қосымшаларын пайдалану» — Муратаева Роза Махаббатовна, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатты аялау басты міндетіміз» — Калабаева Сая Ермекбаевна, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, №7 орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: әрекеттер, нәтиже, жету жолдары» — Капалбаева Мария Кенесбекқызы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, №1 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
«Введение кейс-менеджмента при постановке на ВШУ» — Киянова Замзагул Ертаевна, Астана қаласы №97 мектеп-гимназиясының директоры, Биржанова Айгуль Зейнуловна, Астана қаласы №97 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Нуржанова Гульжазира Сейдуалиевна, Астана қаласы №97 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.
Бұл баяндамалар білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу, жаңаша ұйымдастыру және педагогикалық қауымдастық арасында тиімді тәжірибе таратуға үлкен үлес қоспақ.
