Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқуға қатысу белсенділігі аясында Action Research құралдарын қолдану

2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқуға қатысу белсенділігі аясында Action Research құралдарын қолдану» тақырыбында республикалық семинар сәтті өтті.

Семинар өңірлік қатысушылар үшін Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн форматта, ал Астана қаласының мұғалімдері үшін офлайн түрде ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты — өзге тілді аудиторияда қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісінде оқушылардың оқуға қатысу белсенділігін арттыруда Action Research құралдарын қолданудың тиімділігін көрсету.

Семинарға Өскемен, Семей, Ақтау қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының, сондай-ақ Астана қаласының педагогтері қатысты.

Семинар барысында оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, белсенділігін дамыту және оқу процесінде ғылыми-зерттеу әдістерін тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Тәжірибелі педагогтер өз тәжірибелерін таныстырып, сабақ үдерісінде қолданған нақты әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда жаңа тәсілдер мен заманауи әдістерді зерттеуге мүмкіндік берілді. Семинар қатысушылары Action Research әдістемесінің мүмкіндіктерімен танысып, білім сапасын арттыру жолдарын бірлесе талқылады. Сонымен қатар, өзара тәжірибе алмасып, қолданған тәсілдерінің артықшылықтары мен кездескен қиындықтарын ортаға салды.

Бұл семинар – жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімдердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасуының жарқын үлгісіне айналды. Қатысушылар өз әдістемелік қоржындарын тың идеялармен толықтырып, жаңа шабытпен тарқасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *