М.ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскерлері М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әдістемелік күн ұйымдастырды. 

         Іс-шараның мақсаты – қосымша білім беру саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету.   

         Жұмыс барысында жаңа білім беру трендтері, инновациялық әдіс-тәсілдер және тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы тиімді жолдар бойынша кеңес беріп, тәрбиенің жаңа бағыттары мен заманауи тәсілдеріне қатысты көкейкесті мәселелерді талқылады.   

          Аталған әдістемелік күн – қосымша білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *