«Күрделі есептердің шығару жолдары» тақырыбында өткізілген қалалалық онлайн семинар

2025 жылғы 14 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Ой дамыту» К. Тердікбайдың зертханасының жұмыс жоспары аясында «Күрделі есептердің шығару жолдары» тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдер қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің күрделі есептерді шешудегі әдістемелік дағдыларын жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу және тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу болды. Қатысушыларға күрделі есептерді шешудің түрлі инновациялық әдістері ұсынылып, нақты мысалдар арқылы талдау жүргізілді.

Семинар барысында қатысушылар келесі маңызды мәселелерді қарастырды:

· Күрделі есептерді шешудің дәстүрлі және заманауи тәсілдері;

· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдістер;

· Қиын деңгейлі есептерді шешудің тиімді стратегиялары.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Семинар соңында қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, болашақта осындай тәжірибе алмасу алаңдарының жиі өткізілуіне ниет білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *