«Newton fest» қалалық байқауы

2025 жылғы 6 мамыр күні Астана қаласында алғаш рет өткізілген физика пәні мұғалімдеріне арналған «Newton fest» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты: • Физика пәнін оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық әдістер мен технологияларды күнделікті білім беру үдерісіне енгізу; • STEM білім беру тәсілдері арқылы оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; • Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және жаңа білім беру технологияларын қолдануға ынталандыру.

Марапатталған жеңімпаздар:

· Бас жүлде – Ахмедияров Бауыржан Абсалимович, Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы

· І орын – Аубакирова Гүлнара Аскеровна, №6 гимназия

· І орын – Шаймаханова Гүлсім Шахмардановна, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі

· ІІ орын – Тореханов Самат Рахматуллаевич, Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейі

· ІІ орын – Балабекова Айман Турдибековна, Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейі

· ІІ орын – Абжанов Серікбол Дақуатұлы, №13 орта мектеп

· ІІІ орын – Абдолла Режеп, Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы

· ІІІ орын – Жолдасова Гүлзат Бейбітқызы, №75 мектеп-гимназиясы

· ІІІ орын – Шертаева Айгерім Қалыбайқызы, Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы

· ІІІ орын – Шүкібаева Динара Болатқанқызы, Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз жаңа белестерге жетелей берсін!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *