Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 30 сәуір күні білім беру саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында әдістемелік күн өтті.
Іс-шара мақсаты – Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша авторизация рәсімінен өту кезінде білім беру ұйымын әдістемелік сүйемелдеу.
Кездесу барысында білім беру ұйымының стратегиялық жоспары, мектеп саясаттары, MYP бағдарламасын сапалы іске асыру және ATL дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, педагогтерді аттестаттаудан өткізу процесін әдістемелік сүйемелдеу, семинарларды бірлесе жоспарлау, мемлекеттік IB мектептерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мен тарату мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, мектептің Diploma Programme (DP) бағдарламасы бойынша кандидат мәртебесін алу бағытындағы жоспарлары мен даярлыққа қойылатын талаптары туралы маңызды сұқбат жүргізілді.
Астана қаласындағы мемлекеттік мектептерде Халықаралық бакалавриат бағдарламаларын (PYP, MYP, DP) іске асыру бойынша әдістемелік сүйемелдеу жұмысы өз жалғасын табады.