«Инновациялық даму мен дәстүрлі қолөнерді дамыту» тақырыбында семинар өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 30 сәуір күні    Техникалық және көркем шығармашылық орталығында  «Инновациялық даму мен дәстүрлі қолөнерді дамыту» тақырыбында    оқыту семинары өтті.   

 Семинардың мақсаты – дәстүрлі қолөнер мен заманауи инновациялық тәсілдерді ұштастыру арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. 

Іс-шараға  қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қатысушылар ұлттық өнер түрлерін – зергерлік бұйымдар жасау,   ағаш  өңдеу жұмыстарын оқытуда жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.  

Сонымен қатар, семинар барысында дәстүрлі қолөнерге цифрлық технологияларды енгізу, оқу үдерісінде 3D модельдеу, интерактивті платформалар мен цифрлық құралдарды қолдану жолдары ұсынылды. 

Шеберлік сабақтары мен тәжірибелік тренингтер педагогтердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар ұлттық мұра мен өнерді ұрпақ тәрбиесіне енгізудің маңыздылығын атап өтіп, семинардан алған жаңа білім мен тәжірибені өз жұмыстарында тиімді пайдаланатындарын жеткізді. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *