2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №108 орта мектеп базасында «Білім алушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсете отырып, олардың рухани құндылықтары мен дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – білім алушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету арқылы олардың рухани құндылықтары мен дағдыларын дамыту.
Семинар барысында бір неше ашық сабақтар өткізілді, атап айтсақ:
— «Ұлттық құндылықтармен әріптерді дәріптеу», 3 сынып, Зиярова Ф.Е.;
— «Дара және күрделі сын есім», 2 «Ә» сынып, Райымбекова А.А.;
— «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», 2 «А» сынып, Оспанова А.Т.;
— «Красная книга Республики Казахстан», 5 «Г» класс, Уразгалиева Б.Х.;
— «Достығымыз жарасқан» сыныптан тыс іс-шара, 5 «Ә» сынып, Айткалиева Қ.Б.;
— қойылым «Бусы из бирюзы», Махамбетова Л.К.;
— «Алтынсарин – педагог новатор», 7 «В» класс, Искакова А.Х.;
— «ЕББҚ бар балалардың визуалды күн тәртібі», Нургожина А.М.
Семинар соңында ата-аналардан кері байланыс алу мақсатында рефлексия өткізілді, сондай-ақ ерекше балалардың өнерін көрсететін «Әрбір бала – бір жұлдыз» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар білім алушылардың рухани және әлеуметтік дамуына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.