2025 жылдың 30 сәуір күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жанындағы «Ой дамыту» зертханасының жоспарына сәйкес «Іштей және сырттай сызылған шеңбер» тақырыбында шеберлік сынып ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – педагогтердің кеңістіктік ойлау қабілетін арттыру, геометриялық білімдерін тереңдету және оқу процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Шеберлік сынып барысында қатысушылар:
· Іштей және сырттай сызылған шеңбер ұғымдарын тәжірибе арқылы меңгерді;
· Геометриялық тапсырмалар арқылы логикалық ойлау мен кеңістікті елестету дағдыларын жетілдірді;
· Сабақ барысында қолдануға болатын заманауи визуал құралдармен танысты;
· Бірлескен тапсырмалар орындап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Шара соңында қатысушыларға шеберлік сыныпты ұйымдастырған тренерге алғыстарын білдіріп, мұндай әдістемелік қолдаудың тәжірибелік маңызы зор екенін атап өтті.