2025 жылғы 25 — сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Педагогикалық пульс: жас педагог дауысы» атты І Республикалық форум жұмысы жалғасты.
І Республикалық форумға еліміздің әр аймағынан келген жас педгогтерде құлшыныс пен жаңа идеялар туындап, елордамыз Астанадан бастау алғаны іс-шараның қажеттілігін айқындай түсті.
Форумның екінші күні қатысушылар он бір тақырыптық шеберлік- сыныпқа қатысты, олардың әрқайсысы заманауи педагогиканың негізгі аспектілеріне арналды. Келесі форматтағы:
- педагогика және білім беру саласындағы сарапшылармен панельдік талқылаулар;
- тәжірибелі оқытушылар мен тәлімгерлерден оқу сабақтары;
- интерактивті сессиялар;
- қаржылық сауаттылық;
- педагогика және бизнес;
- табысты білім беру тәжірибесінің өкілдерімен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар бағдарламада оқу үдерісіндегі ЖИ, цифрлық аватарлар, интерактивті оқыту әдістері, оқытушының даму траекториясы, жеке бренд және жас маманның жолы тақырыптары бойынша шабыттандыратын жұмыс түрлері ұсынылды.
Форум жас педагогтердің тұлғалық және кәсіби өсуіне қуатты серпін болды, оқытуды үнемі дамуды, икемділікті және жаңа нәрселерге ашықтықты талап ететін өнер ретінде қарауға мүмкіндік берді.
Әрбір форумға қатысушы жас педагог І Республикалық форум олардың ұстаздыққа деген көзқарасын өзгерткенін атап өтті. Форумның ұйымдастырушылары мен спикерлеріне энергиясы, идеялары және кәсіби жігері үшін алғыс айтты.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар иеленіп, командалық сессиялар мен ашық микрофон жұмысына белсене қатысқан педагогтер алғыс хаттармен марапатталды.