Білім беру ұйымдарының жас басшыларына арналған «Үздіксіз даму кеңістігі: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында қалалық практикалық семинар

2025 жылы 21 сәуір күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында Астана қаласының Әдістемелік орталығы, «Талдау және мониторинг» бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздіксіз даму кеңістігі: ізденіс пен тәжірибе» атты үздіксіз даму кеңістігінде көшбасшылықты дамыту және заманауи білім, дағдылар мен қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Жас директорлар» клуб мүшелеріне арналған қалалық практикалық семинар өткізілді. Семинарға 56 мектеп басшысы қатысты.

Семинардың пленарлық отырысында мектепті дамытудың басқару ісі мен оқыту, білім сапасы арасындағы байланыс, білім беру ұйымдарының дамуы, басқару ісіндегі мектеп-педагог-оқушы байланысы талқыланды.  

Семинардың екінші кезеңі дискуссиялық алаңмен жалғасты. Дискуссиялық алаңдар «Басқару және көшбасшылық», «Мектеп мәдениеті мен білім сапасы: педагогтің кәсіби өсуі мен құндылыққа бағытталған орта», «Инновация, цифрландыру және тілдік орта», «Тиімді авторлық әдістер мен әдістемелер және қауіпсіздік мәдениеті» тақырыптарында жұмыс жасады. Дискуссиялық алаңдарда алдыңғы буындағы мектеп директорлары тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында талқыланған көшбасшылық мәселелері білім беру саласындағы жас басшылардың дамуына зор үлес қосқаны және  практикалық алаңда менеджменттік ізденіс пен тәжірибеге негізделген кездесулер жас басшылар үшін қолдау, сүйемелдеу және кәсіби өсу бағытын айқындап бергені сөзсіз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *