«Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестивалі өтті

2025 жылғы  17-18 сәуір күндері  Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестивалі өтті.

              Мақсаты: оқытушылар мен колледж студенттерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау және  жұмысшы  мамандардықтарының   имиджін жақсарту.

              Іс-шара аясында колледж студенттерінің көркемсурет және шығармашылық жұмыстарының қалалық байқауы, «Кәсіптік білім: өткеннің тәжірибесі, болашаққа көзқарас» тақырыбында қалалық пдагогикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, колледж  педагогтеріне цифрлық құзыреттіліктерді дамыту және кәсіптік білім беруге инновациялық технологияларды енгізу бойынша шеберлік сыныптары, әлеуметтік серіктестері және Қазан технология және дизайн колледжінің педагогтерімен диалог алаңдары (Қазан қ., Ресей),
 «100 бейінді сынып» жобасына қатысушыларға  және  мектеп оқушыларға арналған  практикумдар, Астана қаласы колледждерінің жас және табысты түлектерімен студент жастардың кездесуі өткізілді.

              «Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестиваліне 300-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  педагогтері мен студенттер және мектеп оқушылары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *