2025 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «ЕББҚ бар балалармен түзету жұмыстарында сенсорлық интеграция әдістерін қолдану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында:
— Сөйлеу тілін түзету жұмыстарында сенсорлық интеграцияның элементтерін қолдану әдістері;
— ЕББҚ бар балаларға арналған сенсорлық бағыттағы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
— аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларды ерте диагностикалау;
— сенсорлық интеграция және оның мектепке дейінгі жастағы ЕББҚ бар балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы рөлі атты тақырыптарда ақпарат беріліп, ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, шебер сыныптар көрсетілді.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 70-ке жуық тәрбиешілер қатысты.