2025 жылғы 16 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясында «Күрделі есептердің шығару жолдары» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізді.
Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында мұғалімдердің күрделі есептерді шешу дағдыларын жетілдіру арқылы оқушылардың логикалық ойлау мен шығармашылық ізденісті дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, шебер сыныптар ұйымдастырылып қатысушылар жаңа әдістемелер мен тәжірибелермен бөлісті.
Семинарда мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылып, көптеген күрделі есептерге тоқталып кетті.
Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.