2025 жылғы 10 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтарындағы №83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы өзгерістермен) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 12-қосымшасының 3.5 тармағына сәйкес педагогтердің республикалык облыстық, қалалық сараптама кеңесінде ұсынылған авторлық материалдары негізінде тәжірибені тарату мақсатында музыка пәні педагогтеріне онлайн вебинар өткізілді.
Вебинарға Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Қызылорда, Павлодар облыстарының музыка пәні педагогтері қатысып, авторлық бағдарламаларының өзектілігін, ерекшелігін атап өтіп, мақсат пен міндеттерін нақтылай келе қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын оқу үдерісінде жеткізген жетістіктерімен дәлелдей түсті.
Атап айтқанда, біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары бойынша барлық пән мұғалімдеріне Абайдың мол мұраларын құндылық ретінде пайдалануға болатын тақырыптағы, музыка пәнінде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер, музыка және цифрлық технологиялар, хор өнері, домбыра аспабын үйренудің техникасы және көптеген өзекті тақырыптарды қозғайтын авторлық бағдарламалар тыңдалды.
Вебинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар бойынша сұрақтар қойылды. Спикерлерге алғыс айтылды, сондай-ақ Шымкент, Алматы қалалары, Қызылорда, Павлодар облыстарының Әдістемелік орталықтарына ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірілді. Шараның танымдық сипаты мен қолданбалы мәні қатысушылардың жоғары бағасына ие болып, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етті.
Вебинар бейнежазбасының сілтемесі ұсынылады. https://youtu.be/oqwdPHHRY2c
Вебинар жоғары деңгейде өтті. Тәжірибе алмасу алаңы керемет болды. Өзіме көп нәрсе алдым.