«Инклюзивті білім беру: жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдіс-тәсілдер және дамытушылық әрекеттеріндегі мамандардың көмегі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті

2025 жылғы 15 сәуір күні №84 мектеп-лицейінде «Инклюзивті білім беру: жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдіс-тәсілдер және дамытушылық әрекеттеріндегі мамандардың көмегі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында мектептің педагогтері мен педагог-ассистенттері ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жеке тәсілді енгізу, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және бала бойындағы ауытқуларды түзету бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.

Сонымен қатар мектеп әкімшілігі ЕББҚ ететін балалардың сапалы білім алуы мен табысты әлеуметтенуіне жасалып жатқан жағдайларды көрсетіп, ата-аналарды қолдау бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Семинардың арнайы шақырылған қонағы супервайзер CBA-S, АВА сертификатталған мінез-құлық талдаушысы Жанна Калиева мінез құлқында бұзылыстары бар балаларды түзету және қолдау бойынша тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *