2025 жылғы 8 сәуір күні сағат 09.30-да Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтарындағы №83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы өзгерістермен) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 12-қосымшасының 3.5 тармағына сәйкес педагогтердің республикалык облыстық, қалалық сараптама кеңесінде ұсынылған авторлық материалдары негізінде тәжірибені тарату мақсатында Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (Т2) педагогтеріне республикалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласының және Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда облыстарының педагогтері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік құралдар және тиімді оқыту стратегиялары бойынша өзара тәжірибе алмасты. Әсіресе, пән мұғалімдерінің оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдері мен шығармашылық тапсырмаларды құрастыру жолдары кеңінен талқыланды.
Семинар педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етіп, пән бойынша оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді платформаға айналды.