2025 жылғы 10 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық республикалық, облыстық оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату вебинары өтті.
Вебинарға Астана қаласының, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының білім беру ұйымдарының директорлары мен оқу ісі және бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Шара барысында қатысушылар оқу-әдістемелік материалдары мен авторлық бағдарламаларын тақырыптарын талқылап, таныстырды.
Вебинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар бойынша сұрақтар қойды. Спикерлерге алғыс айтылды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының Әдістемелік орталықтарына ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірілді. Шараның танымдық сипаты мен қолданбалы мәні қатысушылардың жоғары бағасына ие болып, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етті.