«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Астана қаласының колледждерінде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап «100 бейіндік сынып» жобасы 8 бағыт бойынша: сервистік қызмет көрсету (қоғамдық тамақтандыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, киім өндірісі, теміржол көлігі, ІТ, педагогикалық, медицина іске қосылды.
Жобаға Астана қаласынан 21 колледж, 70-тен астам мектеп және 7 жоғары оқу орны: «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ, «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Astana IT University» ЖШС, «Астана» медициналық университеті, Мұхаметжан Тынышпаев атындағы АLТ университеті, «Астана» халықаралық университеті қатысып отыр.
Бейіндік сыныптарда оқу мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жаңа талаптарды білуге, экономиканың нақты салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға, мамандықты дұрыс таңдауға, сондай-ақ колледждер базасында практикалық дағдылар мен бірінші жұмысшы мамандығын меңгеру тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Мектептерде оқушылардың кәсіби диагностикасын толық қамтуға бағытталған кәсіптік бағдар беру қызметі күшейтілетін болады.