2025 жылғы 28 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар өткізді.
Вебинар барысында кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың оқу мәдениетін дамыту және заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана қызметінде пайдалану мәселелері талқыланды.
Іс — шараға қаланың білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды.