2025 жылдың 17 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.
Семинарда әдіскерлер «Авторлық жұмыстарды сараптамаға дайындау» шеберлік сыныбын, «Сабақты қалай қызықты өткізуге болады» педагогикалық тренингін, «Аттестацияға дайындық кезіндегі педагогтің қызметі» оқыту кейсін өткізді, сонымен қатар колледждің оқу-тәрбие процесіне инновациялық жобаларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шараға 30-дан астам педагог қатысты.