2025 жылғы 14 наурыз күні Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік педагогикалық идея» атты қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамыту.
Байқау жұмыстарын сараптау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Шеберханадағы үздік бейнесабақ», «Үздік инновациялық бейнесабақ», «Үздік шығармашылық сыныптан тыс іс-шара», «Өз саласының үздік маманы», «Әлеуметтік желідегі үздік педагогикалық қызмет» номинациялары бойынша марапатталды.
Байқауға 120 –дан астам колледж педагогтері қатысты.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.