2025 жылғы 27 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру саласындағы ынтымақтастық және зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Writing and Formatting a Research Article» атты республикалық веб-конференция өтті.
Веб-конференцияның мақсаты ағылшын тілі мұғалімдеріне «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына мақала жазуға әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Веб-конференцияның модераторы, «Zertte» журналының бас редакторы, бөлім басшысы Касенова Альбина Бакытбекқызы кіріспе сөз сөйлеп, «Zertte» журналының жаңа айдарларымен, жарияланым әзірлеу ережелерін, журнал саясатын таныстырып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Спикерлер қатарында білім беру саласының білікті мамандары, «Zertte» журналының редакциялық алқа мүшелері: Ұлыбритания (Эдинбург қ.) білім беру саласындағы кеңесші, CELTA сертификатының иегері Роберт Дуглас Сим, Әдістемелік орталықтың әдіскері, Назарбаев Университетінің докторанты Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы және Quantum STEM school ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші, CELTA сертификатының иегері Ибраева Жайнагүл Жәнібекқызы болды.
Веб-конференция барысында әдебиетке шолу, зерттеу мақаласының құрылымы, зерттеу әдістері мен түрлері қарастырылды. Роберт Дуглас Сим мақаланың академиялық жазылым ерекшеліктеріне назар аударды.
Жалпы іс-шараға 73 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Веб-конференция соңында кері байланыс ұйымдастырылып, педагогтер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Педагогтерге мақала жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмысы өз жалғасын табады.