Ерекше балалармен ерекше семинар өтті

2025 жылғы 27 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №25 «Таңшолпан» балабақшасында  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған  «Ата-аналарға ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сенсорлық эталондарын дамыту бойынша заманауи әдіс –тәсілдерді үйрету»  тақырыбында   семинар-практикум өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, «Сиқырлы қоңырау ізімен», «Жыл мезгілдері», «Мені түсін: сенсорлық дамудың бұзылуы күнделікті өмірде», «Қызықты сенсорика әлеміне саяхат»,тақырыптарында    ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіліп, заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *