«ТІЛГЕ БОЙЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елордалық №83 «Жансая» балабақшасында пилоттық жобадағы мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жоба аясында «Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға қазақ тілін үйретудегі қызықты ойындар мен тиімді әдіс-тәсілдер» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шарада мектепке дейінгі ұйымдағы орыс тілінде тәрбиеленетін мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып «Ойнайық та ойлайық», «Алақай, мен қазақша үйреніп алдым!», «Нағыз қазақ – домбыра», «Спортшымыз бәріміз» тақырыбында танымдық сайыс пен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді. Сонымен қатар, пилоттық жобаға қатысушы №54 «Нұр-ай», №74 «Дәурен» балабақшалары «Река времени» технологиясы бойынша шебер-сынып, «Тілге бойлау пилоттық жобасы аясында тиімді тілдік орта қалыптастыру» Педагог — бала — ата-ана» атты танымдық іс-әрекетін өткізді.

Семинарға пилоттық жобаға қатысушы 20 балабақшаның әдіскерлері мен қазақ тілі педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *