Қазіргі балалар әндерінің тәрбиелік мәні, ерекшеліктері және оқыту әдістемесі

2025 жылдың 25 ақпан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласы әкімдігінің №50 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының музыка пәні  мұғалімдеріне  арналған «Қазіргі балалар әндерінің тәрбиелік мәні, ерекшеліктері және оқыту әдістемесі» тақырыбында қалалық  семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – балалар әндерінің тәрбиелік мәнін зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтау  және оқыту әдістемесін жетілдіру, балалар әндерінің  тәрбиелік мүмкіндіктері,олардың мазмұны мен құрылымы,балалар әндерінің тәрбиелік рөлін арттыру және оларды оқытудың тиімді әдістерін қолдану жолдарын қарастыру.

          Семинар барысында қала педагогтері шебер-сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ  

    ҚазҰӨУ «Музыкалық орындаушылық» факультетінің аға оқытушысы, магистр, PhD докторанты  К.Т  Рыскулов «Эстрадалық вокал: оқыту үдерісіндегі және орындаушылықтағы мәселелер», Т.Жүргенов атындағы  №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Г. Мукатова  «Білім алушыларға дәстүрлі әндерді насихаттаудың тәрбиелік мәні», №91 мектеп-гимназиясынан Б.Жагипаров «Заманауи әндерді оқудағы шығармашылық тапсырмалар:әлеуетіңізді ашыңыз және ұшқынды тұтандырыңыз!», М.Әуезов атындағы № 86  мектеп-гимназиясынан Л.Жусипова «Ән үйрету арқылы оқушылардың тіл, ой-өрісін дамыту», Т.Айбергенов атындағы №16  орта мектебінен Ж.Үсенбай «Музыкалық білім беру арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру», №85 мектеп-лицейінен  Н.Турысбаева «Балалар әндері арқылы ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу», Ә.Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінен Тлеубеков Думан Муратович «Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, домбыра арқылы оқушыға үйрету»,  №17 мектеп-гимназиясынан  М.Абдрасилова «Хормен ән орындаудағы тыныс алу жаттығулары», №13 орта мектебінен Н.Жалатбек «Музыка сабағында жасанды интеллектінің қолданылуы»,

 №79 мектеп-лицейінен Б.Бейсенғали «Ән айту мен музыкалық жаттығулар арқылы оқушылардың жеке дамуы мен өзіндік сенімділігін қалыптастыру»,

 №38 мектеп-лицейінен Н.Қанафин «Балаларға ән үйретудің маңыздылығы мен тәрбиелік мәні»,   Ә.Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінен  Сатыбалды Ақылбек Оразбекұлы «Мектеп бағдарламасындағы балалар әндерінің тәрбиелік мәні» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.

Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп кері байланыс берді. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан барлығы 62 педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *