«Кәсіби күйзелудің алдын алу» семинар-тренингі

«943-еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогтердің кәсіби күйзелудің алдын алу» тақырыбындағы семинар-тренингтерін аяқтады. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында эмоционалды көңіл-күйін күйзелуден сақтандыру және моральдық шаршауының алдын алу үшін жүргізілді. Жалпы педагогтердің көңіл-күйі мен эмоционалды жағдайы меткептегі қолайлы атмосфераның басты факторларының бірі болып табылады.

​2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың ақпан айы аралығында аталған тренинг қаламыздың 19 мектебінде өткізіліп, оған 866 педагог қатысқан.

​Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер және психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы адамның эмоционалды жағдайы оның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді, сонымен қатар бақытты педагог бақытты оқушы тәрбиелейді деген ұстанымда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *