2025 жылдың 18 ақпан күні Астана қаласы Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен №107 орта мектеп базасында химия және биология пәндері педагогтеріне «Шебердан тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы-ұстаз біліктілігінде» тақырыбында қалалық оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарда Астана қаласының №30 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі, педагог-шебер Балабекова Клара Тилабековна қатысушыларға шебер- класс, практикалық жұмыс, тренинг өткізді. Іс-шараға барлығы 78 педагог қатысты.