2025 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес «Қаныш Сәтбаев атындағы № 61 мектеп- лицейінде» білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
№61 мектеп – лицейі келген қонақтарын «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасы аясында «Шабыт» оркестрінің сүйемелдеуімен күй тартып қарсы алып, Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен таныстырды. Семинарда педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ, білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісіндегі пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, арнайы мамандардың инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінде педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету мақсатында «ArtikMe» смарт айна (ақылды айна), Инклюзивті білім беруде оқушыларға Нейро жаттығудың пайдасы, саз балшықпен жұмыс, психологтардың бөліскен іс-тәжірибелері оң нәтиже көрсетті. Жалпы семинар инклюзивті орта қалыптастырудағы әкімшілік, ата-ананың, педагогтің, арнайы мамандардың рөлдері бойынша төрт бөліммен жоспарланған. Жоспарланған жұмыстар теориямен басталып практикамен ұштасып, өз мақсатына жетті.
Семинарға 111 педагогтер қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.