Мемлекеттік аттесттаттаудан өтетін жекеменшік балабақшаларға әдістемелік күн өтті

2025 жылдың ақпан айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге «Кенгуренок» «Montessori Bambini Kazakhstan», «Монтессори Bambini» балабақшасы «Бәйтерек Айса», «Мерей-2» балабақшасы «Family Бөбек», «Family Бөбек», «ДАЙАНА ГРУПП», «Самғау» балабақшасы, «Ordagen Kids», «Ordagen Kids – 3» балабақшасы, «Ерке 2020», «Ерке», «Атамура», «Архимедик», «ASARCO», «Айналайын», «Райана 2015», «Амира, «Beles 2018», «Абай», «Нармин К», «TODDLER» жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;

— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;

— баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;

— үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;

— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;

— МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы

— Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;

— балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *