2025 жылғы 17 ақпан күні Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен № 59 мектеп-лицей базасында директордың оқу, бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасарларымен кеңес өтті.
Күн тәртібінде 2024-2025 оқу жылында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерге қойылатын талаптары қаралып, сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар, кеңес жұмысында «Ұстаз» ұлттық платформасы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жүйелік администраторы Г.Малдабаева түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.