«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің негізі ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті

2025 жылғы 19 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №56 мектеп-лицейінде «Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің негізі ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінің математика пәнінің жас мамандары қатысты. Іс-шара барысында функционалдық сауаттылықтың маңызы талқыланып, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде тиімді пайдалана білуі қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, ақпаратты жаттау жеткіліксіз, оны талдап, тәжірибеде қолдану маңызды екендігіне ерекше мән берілді.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Олар жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігін жоғары бағалады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *