Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2025 жылдың 12 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «ASTANA GARDEN SCHOL» мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне « Современный урок: эффективные подходы, технологии и практика » атты қалалық семинар өткізді.

Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Іс шара «ASTANA GARDEN SCHOL» мектебінің бастауыш сыныптар бөлімінің директоры Майра Боранбаевнаның алғы сөзімен басталды. Мектептің жетістіктері мен жаңалықтары туралы ой қозғап аталмыш семинарда 13 мұғалім іс-тәжірибесімен бөлісетінін айтты. Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінен М. Өтеміс пен Ш.Жиенбаева «Әдебиеттік оқу сабағында QUIZIZZ бағдарламасын қолдану» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

«QUANTUM STEM SCHOOL» мектебінің мұғалімдері И.Еремина мен Т. Ахмедиярова «Геймификация учебного процесса: примеры успешных решений» тақырыбымен тәжірибе алмасты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының мұғалімі Әсем Төлегенқызы «Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.

Семинар соңында, ұстаздар семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *