2025 жылғы 12 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №101орта мектебінде «Мұғалімдерге көмекші: Жасанды интеллекттің сабақтағы орны» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика, физика және информатика пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің (ЖИ) білім беру үдерісіндегі рөлі, оның мұғалімдер үшін артықшылықтары мен қолжетімді платформалар талқыланды.
Жасанды интеллект – мұғалімдер үшін тиімді көмекші құрал. Ол сабаққа дайындалу уақытын үнемдеп, оқу процесін жекешелендіріп, бағалауды жеңілдетеді. Дегенмен, ЖИ мұғалімнің орнын баса алмайды, тек оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Тиімді қолданылған кезде, ЖИ білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтереді.
Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.