Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскерлері 2025 жылғы 3-6 ақпан аралығында №№17, 30, 32, 51, 53 мектебінің тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп вожатыйлары мен кітапханашыларға әдістемелік көмек көрсетілді.
Зерделеу жұмысы барысында мектептердегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары талданып, жүргізіліп жатқан тәрбие бағытындағы шараларының сапасы мен тиімділігі қарастырылды. Сондай-ақ, әдіскерлер тәрбие процесін жетілдіру бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар берді. Атап айтқанда, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың тиімді әдістері, мектеп кітапханасының тәрбие жұмысына ықпалын арттыру мәселелері қарастырылды.