2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №97 мектеп-гимназиясында «Математикалық сауаттылық: оқыту мен үйретудің тиімді тәлсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында математикалық сауаттылықтағы қиын есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін және мәтін есептерді шығарудың әр түрлі ойлау тәсілдері қарастырылды. Семинарда спикерлер математикалық сауаттылықты арттырудың жаңа әдіс-тәсілдері және сауаттылыққа байланысты практикалық жұмыс жасап өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.